«Шымкентте ер адам экс-әйелінің тамағын кескен»: оқиғаның егжей-тегжейі

Шымкентте ер адам әйелін пышақтады, деп хабарлады POLITICO.KZ.
Қанды оқиғам9 сәуірге қараған түні болған. Төрт баланың анасы Ақмаралдың бұрынғы күйеуі оны аяусыз ұрып, пышақтады. Оқиға туралы жәбірленушінің әпкесі Мәншүк Бубеева айтып берді. Ақмарал шағын дүкен жалдап, кәсіп ашқан. Сол түні ол жұмыстан оралған кезде, үйінің алдында бұрынғы күйеуі белгісіз ер адаммен бірге оны бақылап, күтіп тұрады. Ер адам сөзге келмей экс-әйелін ұра жөнелген. Мәншүктің айтуынша, бірден ұрып, кейін мойын пышақтаған. Онымен қойма, әйелді тұншықтырған. Әйел естен танып құлайды. Күйеуі экс-әйелін өлді деп ойлап, сөмкесін, дүкен кілтін, құжаттары мен шотындағы 500 мың теңгені алып тайып тұрады.
Мәншүктің айтуынша, бұл отбасыда бұған дейін де зорлық-зомбылық жиі болған. Ер адам тіпті олардың ата-аналарына да қауіп төндірген көрінеді.
Ер адам 8 сәуір күні әйелінің ата-анасына хаюарласып, жақын арада бәрі бітетітін, оларды да өлтіретінін айтқан.
Жәбірленуші 2013 жылы күйеуімен ресми түрде ажырасқан, бірақ ер адам әлі күнге дейін әйелдің мазасын алады екен.
Ақмаралға мидың жабық жарақаты және тетрапарез диагнозы қойылды. Мәншүк әпкесі ешқашан төсектен тұрмай қала ма деп қорқады.
«Алғашқы күні біз тек дұғада болып, оның өмірі үшін күрестік. Оның аяқ-қолдары қозғалмайды. Пышақ жарақаты жұлынға зақым келтірді. Дәрігерлер бір күні ол аяғынан тұруы мүмкін дейді. Бірақ бұл екіталай», — дейді жәбірленушінің жақыны.
Соңғы жаңалықтар





