Әнші Шаһизада денсаулығының сыр беріп жүргенін айтты

Елге белгілі әнші Шаһизада өз денсаулығына қатысты шынайы ойымен бөлісіп, оқырмандарына, әсіресе қыз-келіншектерге денсаулықтың маңызын тағы бір мәрте еске салды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Өнер иесі көп жылдар бойы өз-өзін күтпегендіктен, түрлі денсаулық мәселелерімен бетпе-бет келгенін айтып, өз тәжірибесімен бөлісті. Бел мен омыртқадағы ауырсынулардың бұрыннан келе жатқан сырқат екенін түсінген әнші, уақытында мән бермегеніне өкінетінін жеткізді. Спортпен айналысып, дәрумендер ішкенімен, ауру уақыт өте келе асқынып, денсаулығына әсер ете бастаған. Қыста ауыр вирус жұқтырып, соның салдарынан барлық дерлік сырқаттар қозып кеткенін айтып, қазіргі таңда сол жақ бүйрегі мен қан қысымына байланысты мәселелер туындағанын мәлімдеді.
Шаһизада әсіресе әйелдер қауымына бала-шағаның қамымен жүріп, өз денсаулығын елемей кетпеуге кеңес берді.
Денсаулық – зор байлық. Ауырғанда ештеңенің керегі болмай қалады. Бірақ бала-шағаң сенен үміт күтіп отырса, жай отыра алмайсың. Сондықтан өзіңізді кейінге қалдырмай, денсаулығыңызды бүгіннен бастап күтіңіздер. Бай-қуатты, аман-есен болыңыздар, – деп жүрекжарды тілегін жеткізді.
Сонымен қатар, өнер иесі дұрыс тамақтанудың пайдасына да тоқталды. Ол күнделікті алма, сәбіз және қызылшадан дайындалған табиғи сусынды ішуді әдетке айналдырғанын айтып, бұл қоспаның бауырға да, жалпы ағзаға да пайдалы екенін атап өтті. Артық салмақтың белге кері әсер ететінін мысалға келтіріп, кешкі уақытта тамақтан бас тарту арқылы өзін жақсы сезінуге тырысатынын жеткізді
Соңғы жаңалықтар





