Шымкентте ер адам туған қызын 4 жыл бойы зорлап келген

11.12.2025 21:50 Берік Арманов
Шымкентте ер адам туған қызын 4 жыл бойы зорлап келген
0
118
Фото: pixabay

Шымкентте ер адам туған қызын төрт жыл бойы зорлап келді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды POLITICO.KZ Sn.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

Жуырда адвокат Ләззат Рақышева әлеуметтік желіде Шымкентте ер адамның төрт жыл бойы 15 жастағы туған қызына зорлық көрсетіп келгені туралы жазба жариялаған еді.

Шымкент қалалық полиция департаменті кәмелетке толмаған қызды зорлау дерегі бойынша қылмыстық іс тіркелгенін хабарлады.

“Күдікті қысқа мерзім ішінде ұсталды, сот шешіміне сәйкес оған қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды”, – делінген полиция хабарламасында. 

Қазір қажетті тергеу әрекеттері мен процессуалдық шаралар жүргізіліп жатыр. Полиция іске қатысушылардың жауаптары тексеріліп, дәлелдер жиналып жатқанын атап өтті.

“Жүргізілген жан-жақты тергеудің нәтижелері бойынша қылмыстық іске қатысты заңды процессуалдық шешім қабылданады. Қазір күдікті қамауда. Сонымен қатар жәбірленушінің жауабы бойынша оған қатысты басқа адамдардың әрекеттері расталмады. Жүктілік пен жасанды түсік туралы мәліметтер шындыққа сәйкес келмейді”, – делінген хабарламада. 

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий