Шымкентте көршілер арасындағы жанжал қайғылы аяқталды: 65 жастағы ер адам қаза тапты

09.09.2026 23:05 Қарақат АСЫЛОВА
Шымкентте көршілер арасындағы жанжал қайғылы аяқталды: 65 жастағы ер адам қаза тапты
288
Фото: depositphotos.com

Шымкентте көршілер арасындағы жанжал соңы қайғылы жағдайға ұласты, деп хабарлайды Politico.kz сайты «Halyqstan» Telegram арнасына сілтемемен.

Оқиға салдарынан 65 жастағы ер адам көз жұмды. Алдын ала мәлімет бойынша, жанжал көршілердің үйінде басталып, кейін олар сыртқа шыққан. Аула маңында ер адамдар арасында төбелес болған. Бейнебақылау камераларына түсіп қалған кадрларда жас жігіттің жасы үлкен көршісін бірнеше рет ұрып, оның құлап қалғанынан кейін де соққы жасағаны көрінеді. Оқиға кезінде маңайда бала да болған.

Көп ұзамай ер адам аулаға қайта кіріп кеткен. Біраз уақыттан соң сыртқа қолына белгісіз бір түйіншек ұстаған күйде шыққаны байқалған.

Оқиға орнына жедел жәрдем қызметкерлері келгенімен, 65 жастағы тұрғынның өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған. Дәрігерлер оның қайтыс болғанын анықтады.

Шымкент қаласының полиция департаменті қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Тергеу нәтижесінде жанжалдың нақты неден басталғаны және қайғылы оқиғаға кімнің қатысы бар екені анықталмақ.

Войдите, чтобы оставить комментарий