Шымкентте пара алған полиция басқармасының бастығы сотталды
2651
Шымкентте Тұран аудандық полиция басқармасының бұрынғы бастығы Нұржан Тілеуов пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, 6 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Politico.kz.
Қылмыстық іс Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында қаралды. Оған Қылмыстық Кодекстің 366-бабының 2-бөлігі («Пара алу») бойынша айып тағылды.
Сотталушы - Шымкент қаласы полиция департаментінің Тұран аудандық полиция басқармасының экс-бастығы Тілеуов Нұржан Бекбосынұлы. Ол А. есімді азаматтың қылмыстық ісіне қатысты бапты жеңілдетіп беремін деп, 6 млн теңге көлемінде пара алған.
Сотталушының кінәсі толық дәлелденген. Алайда ол кінәсін мойындамай, сотта жауап беруден бас тартып, өзіне қатысты ақтау үкімін қабылдауды сұрады.
Сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, оған 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сондай-ақ ол арнайы шенінен айырылды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Соңғы жаңалықтар
14.09.2026
09:36
«Ішіп алған ба»: Айтыс сахнасында ұятқа қалған ...
14.09.2026
09:16
«Балаң мен әкең бақилық болса, қартаясың»: Ердо...
14.09.2026
09:10
Ақтауда электр желілері басқармасының директоры...
14.09.2026
08:36
Рыбакина ресми түрде әлемнің бірінші ракеткасы ...
14.09.2026
08:15
Тоқаев Кореяға ұшып барды
13.09.2026
17:05
Арал ауданында учаскелік полиция инспекторы қаз...