Шымкентте қайғылы жағдай болды: оқушының мәйіті табылды
Шымкентте тағы бір қайғылы жағдай тіркелді. 8-сынып оқушысы өзіне қол жұмсаған, деп хабарлайды Politico.kz otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Оның денесін туыстары үйінен тапқан. Өкінішке қарай, реанимация жасау әрекеті нәтиже бермеген. Оқушыны мұндай шарасыз қадамға итермелеген себептер әзірге белгісіз. Полиция қылмыстық іс қозғады.
Бұл ақпаратты қалалық білім басқармасы растады. Ведомствоның мәліметінше, қайғылы оқиға 6 сәуір күні, оқушы үйінде болған кезде орын алған.
«Жасөспірімді туыстары тапқан. Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылды. Алайда дәрігерлер келген кезген дейін оқушы қайтыс болған», – деп хабарлады Шымкент қалалық білім басқармасы.
Ресми мәлімет бойынша, жасөспірім бұрын арнайы медициналық есепте тұрмаған. Оның бұл әрекетке бару себептері әзірге белгісіз. Полиция аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеуамалдарын бастады.
«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді шаралар жүргізілуде», – деп хабарлады Шымкент қаласы полиция департаменті.
Соңғы жаңалықтар