Шымкентте сотталғандардың жағын сындырған үш түрме қызметкерлері қамауға алынды

05.01.2026 16:42 Арман Ермеков Арман Ермеков
Шымкентте сотталғандардың жағын сындырған үш түрме қызметкерлері қамауға алынды
0
717
Фото: Elements.envato.com

Шымкенттегі түзеу мекемесінің үш қызметкері сотталғандарды азаптады деген күдікпен тергеу изоляторына қамалды, деп хабарлайды Politico.kz

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өңірлік өкілі Нұржан Әбдезов жабық мекемеге арнайы барып, жазасын өтеушілерді жеке қабылдады. Кездесу барысында сотталғандардың бірі 2025 жылдың маусым айында мекеме қызметкерлері тарапынан қысым көргенін хабарлады.

Тексеріс кезінде тағы бір сотталған азаматтың соққыға жығылғаны белгілі болды. Дәрігерлер оның жақ сүйегінің сынғанын растады.

Жарақат алғандарға медициналық көмекті уақытылы көрсетпегені үшін мекеменің медицина қызметкерлері жауапкершілікке тартылды. Алғашында колония қызметкерлеріне қатысты Қылмыстық кодекстің 362-бабы (Билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Құқық қорғау институты күдіктілердің әрекетінде азаптау белгілері бар екенін алға тартып, Бас прокуратураға жүгінді. Қадағалау органы бұл ұстанымды қолдады. Өткен жылдың соңында іс Қылмыстық кодекстің 146-бабының 3-бөлігіне (Азаптау) қайта сараланды.

Қазіргі уақытта мекеменің үш қызметкері қамауда отыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ақмола облысында Атбасар колонииясының 12 қызметкері азаптау ісі бойынша айыпталып, сот оларды толығымен ақтап шыққан болатын.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий