Шымкентте тағы бір әйелді пышақтап кетті: күдіктіні ұстау кезінде полицейлер қару қолданды
28 қаңтарда Шымкентте жолда кетіп бара жатқан әйелді ер адам пышақтап кеткен, деп хабарлайды Politico.kz.
Әйел оқиға орнында алған жарақаттарынан көз жұмды.
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, күдікті жәбірленушіге өзара араздық негізінде пышақ жарақаттарын салған.
Оқиға туралы полицияға куәгерлер хабарлаған.
«Полицейлер күдіктіні ізін суытпай ұстады. Ұстау кезінде қарулы күдікті қарсылық көрсеткендіктен, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес полиция қызметкерлері табельдік қаруды қолдануға мәжбүр болды», - делінген полиция хабарламасында.
Күдікті қазір ауруханада. Ол полиция күзетінде.
Полиция бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» бабымен қылмыстық іс қозғады. Тергеу жүріп жатыр.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
29.10.2026
14:19
TikTok-та «өнер» көрсеткен екінші адам да жазас...
29.10.2026
14:15
«Екі жарты бір бүтін»: Меруерт Түсіпбаева таным...
29.10.2026
14:01
Бектенов Мақсұтовтың неге кеткенін түсіндірді
29.10.2026
13:30
Атырауда қазандықта жарылыс болды (ВИДЕО)
29.10.2026
13:08
«Қолын қайырып алып кетті»: Павлодарда қайта са...
29.10.2026
13:03
«9 жыл бұрын екі жаққа кеткенбіз»: Олжас Абай б...