Шымкентте танымал автоблогер полициямен даудан кейін қамауға алынды

25.04.2026 11:24 Қарақат АСЫЛОВА
Шымкентте танымал автоблогер полициямен даудан кейін қамауға алынды
249
Ашық дереккөзден
Шымкентте автоблогер Руслан Жанпейісов 4 тәулікке қамауға алынды

Шымкенттік автоблогер әрі заңгер Руслан Жанпейісов полиция қызметкерінің заңды талабына бағынбағаны үшін төрт тәулікке әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды Politico.kz сайты OTYRAR-ға сілтемемен.

OTYRAR порталының мәліметінше, шешімді Шымкент қаласының әкімшілік соты шығарған. Қамау мерзімі 22 сәуірден бастап есептеледі.

Оқиға 22 сәуір күні болған. Көпшілікке Руслан Жанпейісов есімімен танылған Бейбарыс Райымбеков жұмыс орнында полиция қызметкерлері тарапынан ұсталып, кейін уақытша ұстау изоляторына жеткізілген. Оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылған.

Алғашында оған Қызылорда облысының полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынбау, Байдібек би даңғылында жүргізілген рейдке кедергі келтіру және тәртіп сақшыларына құрметсіздік таныту деректері бойынша айып тағылған. Алайда сот бұл эпизод бойынша құқық бұзушылық құрамын таппай, істі тоқтатқан еді.

Кейін бөлек қаралған іс барысында Жанпейісовтің Тәуке хан көшесінде рейд жүргізіп жүрген Қарағанды облысы полиция қызметкерлеріне жақындап, олардың әрекетін видеоға түсіргені анықталған.

Сот осы эпизод бойынша оны кінәлі деп танып, төрт тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарды.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий