Шымкентте жанармай құю бекетінде көлік жанып, бірнеше адам зардап шекті
Шымкенттегі жанармай құю бекетінде көлік өртке оранып, төрт адам зардап шекті, деп хабарлайды Politico.kz.
Оқиға Сайрам ауданындағы Абдула-Абад көшесінде орналасқан жанармай құю бекетінде болған.
Видеодан ер адамның ыдысқа бензин құйып алып, оны көліктің салонына кіргізгенін көруге болады. Арада бірнеше минут өткенде автокөлік кенеттен отқа оранған.
Өрт тұтанған сәтте көліктің ішінде төрт адам болған.
Абырой болғанда, олардың барлығы салоннан өз бетімен шығып үлгерген.
Зардап шеккен екі адам ауыр термиялық күйікпен ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлердің айтуынша, олардың денесінің шамамен 70 пайызын күйік шалған. Тағы екі адамға медициналық көмек оқиға орнында көрсетілді.
Қазір оқиғаның нақты себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
27.10.2026
20:40
Жамбыл облысында заңсыз көші-қон ұйымдастырған ...
27.10.2026
19:53
Қызылорда полициясы атышулы жол апатына кінәлі ...
27.10.2026
19:20
«Ерен еңбегі үшін» медалі ел арасында қызу талқ...
27.10.2026
18:49
Айсултан Сейітов пен A$AP Rocky-дің жаңа клипі ...
27.10.2026
18:16
28 қазан, сағат 11:00: Тоқаев халыққа үн қатады
27.10.2026
17:56
«Бүгін жігіттерде той»: «Жігіттер» тобының әнші...