Шымкентте жолдағы жаппай төбелес адам өлімімен аяқталды

20.01.2026 23:08 Берік Арманов Берік Арманов
Шымкентте жолдағы жаппай төбелес адам өлімімен аяқталды
0
96
Фото: istockphoto.com

Шымкентте жол-көлік апаты жаппай жанжалмен аяқталып, салдарынан бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Politico.kz.

Оқиға 20 қаңтарда Ерімбетов пен Рысқұлов көшелерінің қиылысында болғаны туралы қала полиция департаменті хабарлады.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, көліктер соқтығысқаннан кейін жүргізушілер мен жолаушылар арасында жанжал туындаған. Төбелес барысында қатысушылар пышақ жарақатын алған. Зардап шеккендердің бірі – 40 жастағы Шымкент тұрғыны – оқиға орнында көз жұмды. Аталған дерек бойынша «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Полицияның нақтылауынша, қазір күдіктілердің жеке басын анықтау және оларды ұстау үшін жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Іздеуге қала полиция департаментінің барлық күш-құралдары жұмылдырылған.

Бұған дейін оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілерде жарияланып, оқиға орнынан түсірілген бейнекадрлар да тараған. Құқық қорғау органдары ер адамның қаза тапқанын және жанжалдың мән-жайын ресми түрде растады. Полиция оқиғаның куәгерлерін тергеуге көмектесу үшін қолда бар ақпаратты хабарлауға шақырады.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий