Солтүстік Қазақстанда 2400 үйді су басқан
462
Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Евгений Журавлев Солтүстік Қазақстан облысындағы жағдай әлі күрделі екенін айтты.
Жалпы облыс аумағында 12 235 адам қауіпсіз жерге көшірілген. Оның 2 919-ы - бала. Тәулік ішінде 2 947 адам, оның ішінде 488 бала эвакуацияланған. Әзірге тек 44 адам үйіне қайтып барған. Евгений Журавлевтің айтуынша, өңірде 3 590 бас мал қауіпсіз жерлерге көшірілген.«Облысымыздағы жағдай әлі де күрделі. Сергеев су қоймасы 149 % толып, су бөгет шыңынан 2 метр 61 сантиметр асты. Тәулік ішінде 9 сантиметр төмендеді. Есіл өзенінде су деңгейі көтеріліп келеді. Өзен жағасының маңында орналасқан Қызылжар ауданының елді мекендері мен Петропавл қаласында үйлерді су басу деректері тіркелген. Қазіргі сәтте облыста 2401 үй және 1115 үй маңындағы аумақтарды су басқан», - деді департамент өкілі.
«Тасқынның негізгі толқыны Қызылжар ауданының Тепличное, Прибрежное кенттеріне келді. Бұл елді мекендерде 565 үйді су басып, 2 287 адам эвакуацияланды. Соңғы тәулік ішінде су Большая малышка, Соколовка, Вишневка, Ольшанка елді мекендеріне кіріп, 317 үйді су басты, 1562 адам эвакуацияланды. Су деңгейі әсіресе Петропавл қаласында көтеріліп тұр. Алайда жуыр маңда біртіндеп түседі деп отырмыз», - деді ол.
Соңғы жаңалықтар
01.05.2026
01:04
Қазақмыс Аягөзде ипподром мен балалар алаңын са...
30.04.2026
23:27
Алматыдағы қанды төбелес: 2 жасөспірім қаза тау...
30.04.2026
23:19
Іздеудегі Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы ҚТЖ-ғ...
30.04.2026
22:34
«Дұғада болыңыздар!»: Қайсар Қамза өз жағдайына...
30.04.2026
21:42
Қазақстандықтар есту қабілеті нашар азаматтарды...
30.04.2026
20:45
Светлана Пак: Алмас Сұлтанғазин әкемнің Sulpak-...