Солтүстік Қазақстанда түрме бастығы ұсталды
СҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің № 52 мекемесінің бастығы пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Politico.kz Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.
Осы дерекке қатысты Kazinform сұрауына Ұлттық қауіпсіздік комитеті жауап берді.
«Көрсетілген факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізіліп жатқанын хабарлаймыз. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-тармағына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», — делінген хабарламада.
Бейресми мәлімет бойынша, түрме бастығы сотталғанды шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға ықпал ету үшін пара алуы мүмкін.
Халық арасында «еркін қоныс» деп аталған № 52 түзеу мекемесі Қызылжар ауданы Ольшанка елді мекенінде орналасқан. 2024 жылдан бері колонияны полковник Рүстем Рахметов басқарған.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
22:18
6 жылға сотталған: Путиннен Қазақстанға әскер к...
28.10.2026
22:15
«Біз КСРО-да өмір сүріп жатқан жоқпыз»: Сабина ...
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...
28.10.2026
19:49
Қайрат Мақсұтов «Самұрық-Энерго» басқарма төрағ...