Сораң қаласында дүкен сатушысын өлтірген қарақшы іздестірілуде

Сораң қаласында дүкен сатушысын өлтірген қарақшы іздестірілуде
Сораңда дүкен сатушысын өлтірген күдікті іздестірілуде

Қарағанды облысы Сораң қаласында дүкен сатушысын өлтірген қарақшы іздестірілуде, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Бейнебақылау камераларынан алынған кадрларда ер адамның камуфляж киім киіп, басына капюшон тартқаны көрсетілген. Ол дүкен ішінде сатушыға пышақпен шабуыл жасап, әйел өзін қорғауға тырысқан.

Қарағанды облысының полиция департаменті мәлімдегендей, дүкеннен 27 жастағы әйелдің зорлық-зомбылық белгілері бар денесі табылған.

"Күдіктіні анықтау және ұстау мақсатында облыстың барлық ішкі істер органдары жұмылдырылды. Полиция департаменті қызметкерлерінен арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Қазіргі уақытта жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде", – делінген департаменттің хабарламасында.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу