«Сот шешімі шыққан»: Асхат Садырбай «өзіне қозғалған қылмыстық іске» қатысты мәлімдеме жасады

24.02.2026 09:24 Әсел Мұрат
«Сот шешімі шыққан»: Асхат Садырбай «өзіне қозғалған қылмыстық іске» қатысты мәлімдеме жасады
224
Фото: ашық дереккөз

 Белгілі тележурналист Асхат Садырбай желідегі парақшасында өзіне қарсы «ақпараттық шабуыл» жүріп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Politico.kz.

Журналистің айтуынша, өзіне қатысты қылмыстық іс қозғалғаны туралы ақпаратты өкілдерінен емес, «фактчекингті білмейтін бейшара сайттардан» естіген.

«Достар, бүгін мен тағы бір ақпараттық шабуылға тап болдым. Біраз адам алаңдап хабарласып жатыр. Маған 4 ай бұрын «қылмыстық іс» қозғалыпты-мыс. Ең қызығы мен одан мүлдем хабарсызбын және оны мен құзырлы орган өкілдерінен емес, мемлекеттен тендер алып, трафиктерін тексерілмеген «өсек-аяңдармен» көтеретін , фактчекингті білмейтін бейшара сайттардан білдім. Бұл сайттардың артында кім тұрғанын және олар кімнің тапсырмасымен жазып отырғанын жақсы білемін. Көп ұзамай оларға да беташар жасармыз. Бұл сайттардың тірлігі оның ар жағында отырған суға кеткен пенделердің тал қармауы. Бұл айыптауларға қатысты өткен жылы сот болған. Оның барлық сатысынан өтіп, менің мұндай әрекет жасамағаным заңмен дәлелденген. Сот шешімі шыққан. Бірақ айыптаушы тарап сот шешімін орындамай жүргеніне жарты жыл болды. Сәл сабыр етіңіздер. Ешқандай жалған ақпаратқа сенбеңіздер! Қолдауларыңызға рахмет!», - деп жазды Асхат Садырбай.

Еске сала кетейік, бұған дейін Асхат Садырбайға қатысты Астаан қаласы Есіл аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғалғаны туралы жазған едік.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий