Маскасы шешілді – Асхат Садырбай бұрынғы әйелін сотқа берді

Тележүргізуші Асхат Садырбай әлеуметтік желідегі парақшасында бұрынғы әйеліне қатысты сот процесінде жеңіске жеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды POLITICO.KZ Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.
Оның айтуынша бұрынғы әйелі Айғаным Қорабаеваны сотқа беруге мүжбүр болған.
«Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам. Маған жала жауып, ел алдында қаралағысы келгендердің бүгін туы құлап, позициялары тас-талқан болды. Жалған ақпаратты жалаулатып тапқан нандарың сіңімді болсын! Ал құрбан рөлін ойнағандардың маскасы шешілді. Сөз жүзінде емес, іс жүзінде!», - деп жазды журналист.
Ол ар-намысы мен іскерлік беделіне нұқсан келтірген жала бойынша сот процесі бірнеше айға созылғанын атап өтті.
«Жауапкер Қорабаева А. менің және менің отбасыма қатысты айтқан сөздерінің біреуіне де дәлел бере алмады. Тіпті соттың бір сұрағына «өзім ойдан айта салдым» деген сыңайда жауап берді. Біреуге күлкі, біреуге өсек шығар. Бірақ бұл адамның өмірі мен тағдыры», - дейді Асхат Садырбай.
Оның айтуынша ақпараттық шабуыл өзіне және отбасына ауыр тиген.
«Бұл сот болмас та еді. Алайда өтіріктің үстіне өтірік қосылып, үдей берді. Ал менің мақсатым біреуді соттау емес, өзімнің кінәсіз екенімді амалсыздан заң жүзінде дәлелдеу еді. Тіпті моральдық шығын да қажет емес, медиациямен шешейік дегенде де жауапкер тарап басында басқа сөйлеп, кейін қайтадан өз әдеттеріне салып кері кетті», - деп ашынды тележурналист.
Тіпті сот отырысына камера алып келіп шоу жасағысы келген көрінеді.
«Қысқасы осымен тамам! Алдағы уақытта соттың ресми шешімін және қосымша ақпараттарды толық жариялаймын», - деп түйіндеді ол.
Соңғы жаңалықтар





