Соттағы құпия деталь: Қарабалиндердің сарайынан қан іздері бар балта табылған

02.06.2026 14:54 Мөлдір ҚАЙНАР
Соттағы құпия деталь: Қарабалиндердің сарайынан қан іздері бар балта табылған
343
Фото: коллаж POLITICO.KZ

Журналист Жанат Молдашова Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты өтіп жатқан сот процесінде айтылған тың жайтқа назар аударды, деп хабарлайды Politico.kz.

Ол әлеуметтік желідегі парақшасында көпшілікке беймәлім болып келген маңызды деректі жариялады. Журналистің айтуынша, марқұм Мақсот Қарабалин мен Нәсіп Өтешқалиеваның мәйіттері табылған шаруашылық қорадан қан ізі бар балта табылған.

Алайда бұл мәлімет сот отырысында айтылғанымен, оның мән-жайы толық ашылмаған.

«Үй иелерінің мәйіті табылған сарайдан қанның ізі бар балта табылған. Өткен сот процесінде айтылды. Бірақ толық ашылмады. Ол балта туралы бұған дейін еш жерде айтылған жоқ. Ол қайдан шықты? Кімнің қаны?» – деп жазды Жанат Молдашова.

Журналист көтерген бұл мәселе әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыланып жатыр. Көпшілік балтаның іске қандай қатысы барын, ондағы қанның кімге тиесілі екенін және бұл заттың тергеу материалдарында қалай қарастырылып жатқанын сұрауда.

Айта кетейік, Атырау облысында бір отбасының төрт мүшесін өлтірді деп айыпталған Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Іс қоғамда үлкен резонанс тудырып, сот барысында жаңа деректер жарияланып келеді.

Войдите, чтобы оставить комментарий