СҚО-да 89 жастағы әйел балтамен өлтірілген: Күдікке ұлы ілінді

05.09.2026 14:09 Қарақат АСЫЛОВА
СҚО-да 89 жастағы әйел балтамен өлтірілген: Күдікке ұлы ілінді
221
Ашық дереккөз

Солтүстік Қазақстан облысының Благовещенка ауылында 89 жастағы әйелдің өліміне қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр, деп хабарлайды Politico.kz.

Марқұмның денесінен зорлық белгілері анықталған. Көршілердің айтуынша, қарт әйел 66 жастағы ұлын картоп қазуға көмектесуге шақырған. Алайда кейін әйелдің денесі ұлының үйінің ауласынан табылған.

Алдын ала мәлімет бойынша, қылмысқа балта қолданылған болуы мүмкін. Алайда бұл дерекке қатысты түпкілікті қорытынды сараптамалардан кейін белгілі болады.

Полиция 66 жастағы ер адамды күдікті ретінде ұстаған. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Полиция Благовещенка ауылының 89 жастағы тұрғынын өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Оның денесі зорлықпен қаза болған белгілерімен 2 қыркүйекте тұрғын үйдің ауласынан табылды. Қылмыс жасады деген күдікпен марқұмның 66 жастағы ұлы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қажетті бірқатар сараптама тағайындалды. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы мен қылмысқа итермелеген себептері анықталып жатыр», – деп хабарлады полиция.

Қазіргі таңда тергеу жалғасуда. Күдіктінің кінәсі сот үкімімен ғана анықталады.

Войдите, чтобы оставить комментарий