СҚО-да әйел адам жантүршігерлік жағдайда қаза тапты

СҚО-да әйел адам жантүршігерлік жағдайда қаза тапты
10.07.2025 14:31
0
392
Фото: freepik.com

Солтүстік Қазақстан облысындағы тасжолда жүк көлігі әйел адамды қағып кетті, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Әйел адам оқиға орнында қаза тапты. 

Жол-көлік оқиғасы 8 шілдеге қараған түні, шамамен түн ортасында, жанармай бекетінің маңында болған.

Куәгерлердің айтуынша, әйел адам бағдаршамның қызыл түсіне қарамай, жолды кесіп өтпек болған. Оқиға орнына келген дәрігерлер оның дене жарақатынан және көкірек қуысының жаншылуынан қайтыс болғанын тіркеген.

«8 шілде күні Қызылжар ауданы аумағында, Петропавл-Жезқазған автожолында DAF жүк көлігінің жүргізушісі 33 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Әйел алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды», – деп хабарлады полицияда.

Қазір жол апатына байланысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий