Степногорск әкімі жылу ақысының заңсыз есептелуіне байланысты жауапқа тартылды

30.01.2026 17:27 Арман Ермеков Арман Ермеков
Степногорск әкімі жылу ақысының заңсыз есептелуіне байланысты жауапқа тартылды
206
Фото: gov.kz

Степногорск қаласының мыңдаған тұрғынына жылу үшін артық төлем есептелгені анықталып, бұған жауапты қала басшысы жазаланды, деп хабарлайды Politico.kz

Бұл туралы Ақмола облысының прокуратурасы мәлімдеді. Степногорск қаласының қадағалау органы жүргізген ауқымды тексеру жұмыстарының нәтижесінде 8 мыңнан астам азаматтың құқығы қорғалды. Тұрғындарға тұтынылған жылу қуаты үшін төлем мөлшері заңсыз белгіленгені әшкере болды.

Тексеру барысында шаһардағы 41 көпқабатты тұрғын үйде жылу ақысы нақты есептегіш құралдардың көрсеткішіне сай емес, керісінше бекітілген нормативтер негізінде есептелгені нақтыланды. Осының салдарынан қарапайым тұтынушылардың мойнына негізсіз қаржылық жүктеме артылған. Бұл деректер жылумен жабдықтаушы кәсіпорын тарапынан «Жылу энергетикасы туралы» заң талаптарының өрескел бұзылғанын айғақтайды. Сонымен қатар жергілікті атқарушы биліктің жылыту маусымына дайындық барысында мемлекеттік бақылауды тиісті деңгейде жүзеге асырмағаны белгілі болды.

Прокурорлық қадағалау актісі негізінде қаладағы 8 мыңнан астам абонентке жылу қуаты үшін төлем қайта есептеліп, халыққа жалпы сомасы 8,1 миллион теңге қайтарылды. Жол берілген заң бұзушылықтар үшін Степногорск қаласының әкімі Ғайдар Қасенов тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Айта кетейік, бұған дейін Батыс Қазақстан облысында да мемлекеттік шенеуніктің қатаң сөгіс алғаны хабарланған еді.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий