Студенттерге лудомания мен интернет тәуелділіктің зардабы түсіндірілді
Алматы қаласы Жастар саясаты Басқармасының тапсырысымен Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің мәжіліс залында интернет психолог, Халықаралық психологтар қауымдастығының мүшесі Гүлбанум Мурадуллаевамен кездесу өтті. Кездесу "Интернетке тәуелділік және құмар ойындары" тақырыбында өрбіді.
Кездесуге 20 студент белсене қатысты. Гүлбанум ханым студенттерге лудоманияның адам өміріне тигізер зардабы мен қиындықтарын тілге тиек етіп, құмар ойындары мен интернетке тәуелділік дертіне шалдыққан ер азаматтардан болашақ өмірде қалай аулақ жүру керектігін де түсіндірді. Сондай-ақ, ғаламтор мен құмар ойындардың адам психологиясын қалай жылдам жаулайтынын да тілге тиек етті.
Кездесу соңында Гүлбанум ханымға студенттер тарапынан сұрақтар қойылып, көңіл көншітерлік жауаптар алынды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
08.11.2026
17:31
Мектептерден ай сайын 375 мың теңге талап етілм...
08.11.2026
16:25
Қарағанды облысында ер адам жанжал кезінде әйел...
08.11.2026
15:32
50-ден астам оқушы уланған РФММ-де мектеп дирек...
08.11.2026
14:33
ҚазҰУ-дағы жұмбақ өлімі: Студент қыздың өліміне...
08.11.2026
13:36
Атырау тасжолында жантүршігерлік жол апаты: Бір...
08.11.2026
12:34
Ақтауда толассыз жауған жаңбыр кесірінен қаланы...