Дрондардан теңіз кемелеріне дейін: Қазақстан-Британ техникалық университеті 25 жыл ішінде қалай өзгерді
Алматыда Қазақстан-Британ техникалық университетінің (ҚБТУ) 25 жылдық мерейтойы аталып өтті. Ширек ғасыр ішінде оқу орны классикалық инженерлік білім берумен қатар, заманауи технологияларды дамытуға және студенттердің практикалық дағдыларын жетілдіруге ерекше назар аударып келеді. Университет ректорының мәліметінше, түлектердің 98 пайызы оқу бітіргеннен кейін үш айдың ішінде жұмысқа орналасады, деп хабарлайды Politico.kz сайты Ulysmedia.kz сайтына сілтеп.
Бүгінде ҚБТУ-да болашақ инженерлер заманауи технологияларды меңгеретін арнайы зертханалар мен тәжірибе алаңдары жұмыс істейді. Университет мұнай-газ, өнеркәсіп және IT салаларындағы ірі компаниялармен тығыз ынтымақтастық орнатқан.
Студенттердің практикалық дайындығын қамтамасыз ететін негізгі бағыттар:
- Мұнда студенттер дрондарды құрастыруды, бағдарламалауды және басқаруды үйренеді. Бұл технологиялар өнеркәсіпте, аумақтарға мониторинг жүргізуде және логистикада қолданылады.
- Студенттер роботтандырылған жүйелердің жұмыс принциптерін зерделеп, жабдықтарды бағдарламалауды және өндірістік міндеттерді шешу үшін цифрлық технологияларды қолдануды меңгереді.
- Болашақ мұнайшы-инженерлер осы алаңда мұнай өндіру процестерін зерттеп, өндірістік деректермен жұмыс істейді және кен орындарында қолданылатын озық технологиялармен танысады.
Ширек ғасыр ішінде университеттегі студенттер саны 150-ден 10 мыңнан астам адамға дейін өсті. Әсіресе соңғы жеті жылда құрылтайшысы Динара Құлыбаева болып табылатын «NNEF» қоғамдық қорының басқаруымен оқу орнының қызметі айтарлықтай кеңейді.
Соңғы жылдардағы негізгі нәтижелер:
- Студенттер саны 1 871-ден 10 000-ға жетті, білім беру бағдарламаларының саны 16-дан 68-ге дейін артты, екі жаңа факультет және 35-тен астам зертхана ашылды.
- 2019 жылдан бері «NNEF» қоры университетті жаңғыртуға, оның ішінде жатақханалар мен заманауи спорт кешенін салуға шамамен 12 миллиард теңге бағыттады.
- Оқу орнын тәмамдаған жастардың шамамен 98 пайызы еңбек нарығында өз орнын табады немесе білімін келесі сатыда жалғастырады.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
23.11.2026
19:41
Дрондардан теңіз кемелеріне дейін: Қазақстан-Бр...
23.11.2026
18:30
«31 арна» Нұртілеу Жылқышыбаевты ақпараттық бағ...
23.11.2026
18:21
Тоқаев цифрлық экономиканы дамыту туралы жарлық...
23.11.2026
18:08
Айбек Сыдықов жаңа қызметке тағайындалды
23.11.2026
17:01
«Студенттерге қысым көрсетіле ме»: Шекеев ҚазҰУ...
23.11.2026
17:00
"Анашымсыз өткен қырық күн": Сәкен Майғазиев ма...