Су тасқыны: Өлген малға қанша теңгеден төленеді
428
Елімізде су тасқынынан арам қатқан төрт түліктің шығыны есептеліп, мал иелеріне өтемақы үлестіріле бастады.
Қостанай облысы – мал шығыны құнын өтеуді жүзеге асырған республикадағы алғашқы облыстардың бірі. Бұл бағыттағы жұмыстардың мән-жайын білу үшін облыстық ветеринария басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бауыржан Бекетке хабарластық.
«Облыс бойынша су тасқыны салдарынан 981 бас төрт түлік арам қатты. Қазіргі таңда 780 бас малдың бағалау есептері дайындалып, иелеріне 113 млн теңгеден астам қаражат төленді. Төрт түліктің құны нарықтағы бағамен есептеледі. Бұл жұмыстарды «STELLA +» бағалаушы ұйымы жүргізіп жатыр», - деді ол агенттік тілшісіне берген жауабында.
«Өлген малдың салмағын анықтау мүмкін емес екені белгілі. Біз «егер төтенше жағдай болмаса, мал иесі түлігін қанша теңгеге сата алар еді?» деген сауалға жауап іздеп, нарықты зерттедік. Сөйтіп, әр малдың құнын шығардық», - дейді серіктестік басшысы.
Бұдан кейін Ақтөбе, Атырау және Батыс пен Солтүстік Қазақстан облыстарының құзырлы органдарына хабарластық. Ақтөбе мен Батыс Қазақстан облысында баға Қостанаймен шамалас болып шықты. Сонымен, өлген малдың құны қанша?
Ал Атырау мен Солтүстік Қазақстан облысында баға әзірге нақтыланбаған. Жергілікті органдар су тасқыны әлi аяқталмағандықтан, өлген малдың есебін жүргізуге кіріспегендіктерін мәлім етті.
Айта кетейік, төлемдер Ауыл шаруашылығы министрлігі әзірлеген су тасқынынан шығын болған ауыл шаруашылығы жануарларының құнын өтеу жөніндегі алгоритмге сәйкес жүзеге асырылады. Оған сәйкес, мал «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» базасында тіркелсе, бюджет есебінен қаржыландырылады.
Ал, малдың өлексесі табылмаса, дәлелдеу үшін 3 куәгер тартылады. Түліктің шығыны су тасқынынан болғаны туралы комиссиялық акті және утилизация туралы акті жасалады. Мұндай жағдайда шығын демеушілер есебінен қалпына келтірілмек. Сондай-ақ мал өлексесінің құлағында сырғасы болмаса немесе мал өлексесі табылмаса, «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» базасында тіркелмесе демеушілер есебінен қаржыландырылады.
Соңғы жаңалықтар
01.05.2026
01:04
Қазақмыс Аягөзде ипподром мен балалар алаңын са...
30.04.2026
23:27
Алматыдағы қанды төбелес: 2 жасөспірім қаза тау...
30.04.2026
23:19
Іздеудегі Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы ҚТЖ-ғ...
30.04.2026
22:34
«Дұғада болыңыздар!»: Қайсар Қамза өз жағдайына...
30.04.2026
21:42
Қазақстандықтар есту қабілеті нашар азаматтарды...
30.04.2026
20:45
Светлана Пак: Алмас Сұлтанғазин әкемнің Sulpak-...