Суданда әскери ұшақ тұрғын үйлерге құлап, 46 адам көз жұмды

Суданда әскери ұшақ тұрғын үйлерге құлап, 46 адам көз жұмды
Stringer/REUTERS
Суданда әскери ұшақ апатынан 46 адам көз жұмды

Омдурман қаласында әскери ұшақ тұрғын үйлердің үстіне құлады, деп хабарлайды POLITICO.KZ, Associated Press басылымына сілтеме жасап.

25 ақпанда Суданның Омдурман қаласында әскери ұшақ апатқа ұшырап, бірнеше тұрғын үйді қиратты. Бастапқыда билік 19 адамның қаза тапқанын хабарлаған болатын. Алайда, 26 ақпанда бұл сан 46 адамға жеткені белгілі болды.

Оқиға салдарынан тағы кемінде 10 адам түрлі жарақат алды.

Жергілікті ақпарат құралдарының мәліметінше, ұшақ Қызыл теңіз жағалауындағы Порт-Судан қаласына бағыт алған. Бұл қалада қазіргі уақытта елдің әскери билігі орналасқан.

Құлаған ұшақтың нақты себебі әлі анықталған жоқ. Тергеу жүргізілуде.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу