"Сұлтан басқа әйелмен төсекте жатқан суретін жіберген": сотта сұмдық дерек айтылды
Сот отырысы кезінде қаза тапқандардың туысы Әдемі Шылмағамбетова сөз сөйледі. Оның айтуынша, күдік Наурыз Мұқанғалиевке тиесілі мал сатыла бастаған кезде туған, деп хабарлайды Politico.kz "АқЖайық" басылымына сілтем.
Әйелдің сөзінше, ол інісімен телефон арқылы байланыса алмаған, себебі нөмірі өшірулі болған. Соған қарамастан WhatsApp арқылы хабарламалар келіп тұрған.
Шылмағамбетованың айтуынша, өткен жылдың қараша айынан бастап Сұлтан Сәрсемалиев Наурыздың атынан туыстарына хабарлама жазып отырған. Ол хаттарда енесі Нәсіп Өтешқалиеваның аяғы ауырып жүргені және оны емдету үшін Ташкентке алып бара жатқаны айтылған. Сондай-ақ ем шығындарына байланысты отбасы мал сатып жатқаны жазылған.
Адвокаттың сұрақтарына жауап берген Шылмағамбетова Ақбаян Мұқанғалиева ешқашан күйеуінен таяқ жегенін айтпағанын мәлімдеді.
«Мен одан: “Бесінші балаңа аяғың ауыр болып тұрғанда неге кетіп барасың?” деп сұрадым. Ол ажырасуға Сұлтанның басқа әйелмен төсекте жатқан суретін жібергеннен кейін шешім қабылдағанын айтты», – деді ол сотта.
Сонымен қатар марқұмдардың туысы айыпталушының Наурыз Мұқанғалиевтің өлімі абайсызда болды деген нұсқасымен келіспейтінін айтты.
Оның сөзінше, Наурыз «жанжал шығаратын адам емес».
Шылмағамбетова алдын ала тыңдалым кезінде Сәрсемалиевтің «қылмысқа Ақбаянның туыстарының араласуы себеп болды» деген мәлімдемесіне де пікір білдірді.
«Бұл тұтас бір отбасын қырып салуға себеп бола ма?» – деді ол сотта.
Соңғы жаңалықтар