Сұлтан Сәрсемәлиевтің енесінің алтындарын ломбардқа өткізген видеосы тарады
Атырау облысында бірнеше адамның өліміне қатысты резонансты іс бойынша сот отырысы жалғасуда. Басты айыпталушы Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты жаңа бейнематериалдар жария болды, деп хабарлайды Politico.kz.
Журналист Жұлдыз Қайратқызы әлеуметтік желіде Сәрсемәлиевтің ломбардқа алтын бұйымдар өткізіп жатқан сәті түсірілген видеоны жариялады.
Тергеу нұсқасына сәйкес, Сұлтан Сәрсемәлиев бұрынғы жұбайының ата-анасы мен жақын туыстарының өліміне қатысты айыпталып отыр. Іс материалдарында қанды оқиғаға отбасы ішіндегі жанжал себеп болғаны көрсетілген.
Сот барысында айыпталушы кейбір эпизодтар бойынша кінәсін ішінара мойындағанымен, бірқатар айыптармен келіспейтінін мәлімдеді. Атап айтқанда, ол Наурыз Мұқанғалиевтің өлімі абайсызда болғанын алға тартқан.
Сараптама қорытындысына сәйкес, Сәрсемәлиев қылмыс жасалған уақытта өз әрекеттеріне толық жауап бере алатын жағдайда болған. Сондай-ақ тергеу барысында бұл іске басқа адамдардың қатысы анықталмағаны айтылды.
Соңғы жаңалықтар