Сүйінші, ағайын! Тәуелсіздік күнінде Google компаниясы қазақ еліне ерекше тарту жасады

19.12.2025 11:53 Нақыпбек Фатима Нақыпбек Фатима
Сүйінші, ағайын! Тәуелсіздік күнінде Google компаниясы қазақ еліне ерекше тарту жасады
0
114
Сурет Gemini арқылы жасалған

Google компаниясы Gemini жасанды интеллектін қазақ тілінде іске қосты, деп хабарлайды Politico.kz.

Тәуелсіздік күніне орай Google компаниясы өзінің ең озық жасанды интеллект моделі Gemini жүйесін қазақ тілінде ұсынды. Бұл жаһандық бастама аясында жүзеге асқан маңызды қадам саналады.

Қазақ тілі Gemini моделінің үшінші буынына қосылған жиырма үш жаңа тілдің қатарына енді. Енді отандық пайдаланушылар заманауи технологияның мүмкіндіктерін әлемдегі ең ірі тілдермен тең дәрежеде өз ана тілінде қолдана алады. Қазіргі уақытта интерфейстің веб-нұсқасы толықтай қолжетімді. Оны іске қосу үшін Google аккаунтының баптауларынан қазақ тілін таңдау қажет. Алдағы уақытта Android және iOS жүйелеріне арналған қосымшалар мен Gemini Live сервисін іске қосу жоспарланып отыр.

Жаңа нұсқаның жарық көруі технологиялық алпауыттың Қазақстандағы ауқымды жұмыстарының бір парасы ғана. Компания кадрларды даярлауға және цифрлық дағдыларды дамытуға инвестиция салып әзірлеушілерді қолдауды көздеп отыр. Мамандардың бағалауынша жасанды зердені мемлекеттік секторға енгізу экономикалық тұрғыдан өте тиімді. Бұл мемлекеттік басқарудың өнімділігін арттырып бюджет жүйесінің тұрақтылығын күшейтеді және ел экономикасының өсіміне үлес қосады.

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі бұл оқиғаны цифрлық мемлекетті дамыту жолындағы елеулі өзгеріс деп бағалады. Ведомство өкілдері жаһандық шешімдердің қазақ тілінде сөйлеуі азаматтар үшін технологияның қолжетімділігін арттырып бәсекеге қабілетті экожүйе қалыптастыратынын атап өтті. Министрлік цифрлық өнімдерді жергілікті жерге бейімдеу және жаңа буын мамандарын даярлау бағытында халықаралық серіктестермен ынтымақтастықты жалғастыра беретінін жеткізді.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий