Тағы 7 блогерге қатысты тексеріс басталды

14.04.2026 16:29 Әсел Мұрат
Тағы 7 блогерге қатысты тексеріс басталды
288
Фото: ашық дереккөз

Қаржы министрлігі тағы 7 блогерге қатысты тексерісті бастады, деп хабарлайды Politico.kz. 

Вице-министр Ержан Біржановтың айтуынша, елімізде 854 блогер табыстарын 72 млрд теңгеге төмендетіп көрсеткен. Оларға салық төлеу туралы хабарлама жіберілген. 

Осы уақытқа дейін 622 блогер қосымша салық есебін тапсырды. Олар өз табыстарын 18,3 млрд теңгеге ұлғайтып, қосымша 1 млрд теңге салық төледі. Енді тағы 600 млн теңгенің салығын төлеу туралы нұсқама жіберілді.  

«Енді қазіргі кезде 7 блогерге қатысты тексеру жүріп жатыр. Олардың қосымша саналған салық мөлшері 10 миллион теңгеден асады. Егер салық өз еркімен төленбейтін болса, құқық қорғау органдары арқылы өндіріп аламыз немесе процессуалды шешім қабылданады», - деді Біржанов үкіметте өткен брифингте. 

Алайда вице-министр тексеріске алынған блогерлердің есімін атамады. Өйткені бұл ақпарат салық құпиясына жатады.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий