Талдықорғанда ер адам әйелі мен үш жасар қызын ұрып тастаған (ВИДЕО)

03.02.2026 08:20 Әсел Мұрат
Талдықорғанда ер адам әйелі мен үш жасар қызын ұрып тастаған (ВИДЕО)
261
Фото: видеодан скрин

Жетісу облысы Талдықорған қаласында зорлық белгілері бар үш жасар бала ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Politico.kz.

Дәрігерлердің мәліметінше, қыз бала 2 ақпан күні кешке түскен. Бүлдіршіннің жағдайы аса ауыр.

2 ақпан күні шамамен сағат 21:00-де полицияға үш жасар баланың ауруханаға жеткізілгені туралы медициналық мекемеден  хабарлама түскен. 

Алдын ала мәлімет бойынша, баланың денесіндегі жарақаттар зорлық-зомбылық белгілеріне ұқсас.

Облыстық полицияның мәліметінше, бұл дерек бойынша «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді.

Құқық қорғау органдары хабар түскен бойда отбасының тұрғылықты мекенжайына жедел барған. Қылмыс жасады деген күдікпен баланың әкесі ұсталды. Ер адамның алкогольдік мас күйде болғаны хабарланды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта анасы мен бала медициналық мекемеде жатыр. Зардап шеккен балаға қажетті медициналық көмек көрсетілуде.

Аталған дерек бойынша тергеу және процессуалдық іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы Жетісу облыстық полиция департаменті басшылығының жеке бақылауында.
 

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться



Войдите, чтобы оставить комментарий