Талғат Мұсабаевтың қайда жерленетіні белгілі болды

Қазақстанның аңызға айналған ұшқыш-ғарышкері Талғат Мұсабаевпен қоштасу рәсімі 6 тамыз күні Алматы қаласында өтетіні белгілі болды. Бұл туралы Цифрлық даму министрлігінің вице-министрі Дмитрий Мун хабарлады.
Сағат 9:00-де қоштасу рәсімі Зенков көшесі, 24 мекенжайындағы Армия үйінде ұйымдастырылады. Одан кейін 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағында жаназа намазы оқылады.
Талғат Мұсабаев Кеңсай зиратында жерленеді, бұл Алматыдағы ең мәртебелі қорымдардың бірі. Онда еліміздің көрнекті тұлғалары: Дінмұхамед Қонаев, Роза Бағланова, Ермек Серкебаев, Батырхан Шүкенов және басқа да ұлы қайраткерлер мәңгілік тыныс тапқан. Осылайша, Талғат Мұсабаев та халқымыздың асыл перзенттерімен қатар жерленеді.
4 тамызда Президент ғарышкердің отбасына көңіл айтқан болатын.
Соңғы жаңалықтар





