Тамара Асар өзін түнде мазалайтын оқырманға ескерту жасады
1029
Танымал әнші Тамара Асар өзін беймезгіл уақытта мазалап, жеке телефонына хабарласатын оқырмандарына ренішін жеткізді.
Бұл ретте ол оқырманының түнгі 23:00 шамасында жеке нөмеріне хабарлама жазғанына ашуланып қалған.
Өзің танымайтын белгілі адамның нөмірін тарату, оған мезгілсіз уақытта жазу – әдепсіздік. Заң жүзінде тәртіп бұзумен тең. Әлеуметтік желіде көмекшілерімнің нөмірі бар. Сол кісілерге хабарласа аласыздар. Туысқан мен жақындарымның өзі сұрауларын жүйелі түрде жеткізеді. Жастан да, жас еместен де сыйластық пен сауаттылықты талап етейік. Ал Алланың атын жамылып, хәл үстінде жатқан адамның жағдайын пайдаланып, түнде, таңда жазуға рұқсат жоқ, – деп жазды әнші.Сонымен қатар ол репертуарындағы әндерді орындауға ниет білдірген тыңдармандарына да құлаққағыс жасады.
Өзіңізге ұнаған менің орындауымдағы кез келген әнді жеке кәдеңізде қайталап, орындауыңызға болады. Бірақ дәл музыкасына өз даусыңызды жазып алып, әлеуметтік желіге таратуға, платформаларға жүктеуге қарсымын, – деді Тамара Асар.Фото: zelengarden.ru
Соңғы жаңалықтар
30.07.2026
00:00
Досымен бәстескен ер адам Аргентина құрамасы же...
29.07.2026
23:22
«Сотқа беремін»: Мейірман Шекеев Аша Матайға ес...
29.07.2026
22:42
Қазақстан мен АҚШ КҚК мәселесін талқылады
29.07.2026
21:52
Тарихта алғаш рет! Қазақстандық семсерлесушілер...
29.07.2026
21:46
Тоқаев Астанада «Болашақ ойындарын» ашып, Қазақ...
29.07.2026
21:14
Түркістан тауларында қайғылы жағдай: Бір адам қ...