Тамара Асар президенттен құттықтау хат алғанын айтты
Қазақстанның халық әртісі Тамара Асар мерейтойына орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтан арнайы құттықтау хат алғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Politico.kz.
Өнер иесі бұл қуанышты жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, Президентке алғысын білдірді.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтан туған күніме, мерейлі жасыма арнайы құттықтау хаттамасын алдым. Құттықтау хатын Алматы қаласы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов табыстады. Өте ерекше құрмет болды», – деп жазды Тамара Асар.
Әнші сондай-ақ шын жүректен қуанышын бөлісіп, өз атынан және отбасы атынан Мемлекет басшысына ризашылығын жеткізді. Сонымен қатар мерейтойына орай ақжарма тілектерін жолдаған барша оқырмандарына алғыс айтты.
Айта кетейік, Тамара Асар 16 шілдеде 50 жас мерейтойын атап өтті.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...
28.10.2026
19:49
Қайрат Мақсұтов «Самұрық-Энерго» басқарма төрағ...
28.10.2026
19:28
Маңғыстау облыстық полиция департаментіне жаңа ...
28.10.2026
19:21
Айбар Олжаев Тоқаевтың Жолдауындағы құрылыс бас...
28.10.2026
18:48
“Адамдарды көліктерге қарай итерген”: Астанада ...