Тамара Асар Тоқаевтың қолынан «Халық әртісі» атағын алды
1352
Танымал әнші, мәдениет қайраткері Тамара Асар «Қазақстанның халық әртісі» атағын алды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
«Мәдениет – ұлттың рухани дербестігінің кепілі. Сондықтан біз өмірін өнер жолына арнаған қайраткерлерге әрдайым құрметпен қараймыз.Руханиятымызға ерекше еңбек сіңіргені үшін белгілі өнер майталмандары – Болат Әбділманов, Тамараасар Жанқұл, Шынар Жанысбекова «Қазақстанның халық әртісі» атағына лайық деп танылды», - деп атап өтті Тоқаев.
Бүгін Республика күніне орай Тоқаев бір топ азаматты мемлекеттік наградамен марапатады:
- «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы мәдениет саласының көрнекті өкілдері З.Алтынбаеваға, Ә.Алтынбекке, Н.Жмеренецкаяға, Б.Қажыбаевқа, белгілі кәсіпкер, қоғам қайраткері И.Сауэрге және тағы да басқаларға берілді.
- «Қазақстанның халық жазушысы» атағына ақын М.Айтқожа, жазушы Ғ.Қабышұлы, «Қазақстанның халық әртісі» атағына музыка, театр және кино өнерінің көрнекті қайраткерлері Б.Әбділманов, М. Өтекешова, А.Жайымов, Т.Жанқұл, Ш.Жанысбекова, Б.Ибраев, К.Қазақбаева, Р.Машурова лайық деп танылды.
- Денсаулық сақтау және ғылым саласының бірқатар өкілі «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» және «Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері» құрметті атақтарына ие болды.
- Әскери және қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, ұлттық қауіпсіздікті нығайту кезінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдары өкілдерінің бір тобы ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен, I, ІІ, ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен, «Ерлігі үшін» және «Жауынгерлік ерлігі үшін» медальдарымен марапатталды.
Соңғы жаңалықтар
31.05.2026
17:54
Екі адам ұсталды: Алматы облысында 29 жастағы ж...
31.05.2026
17:32
Елордадағы LRT рекорд орнатты: Екі аптада 1 мил...
31.05.2026
16:29
“Дәрігер де, жедел жәрдем де жоқ”: Атырауда ауы...
31.05.2026
15:57
«Баянда бет жоқ»: Әнші Алагөзованың әрекетін сы...
31.05.2026
15:35
Ұлытау жұртшылығы Меруерт Өтекешоваға күтпеген ...
31.05.2026
14:29
Астанада құтқарушылар 9 қабаттан секірмек болға...