Танымал блогердің күйеуіне қатысты мәселеге нүкте қойылды

27.10.2025 22:09 Берік Арманов
Танымал блогердің күйеуіне қатысты мәселеге нүкте қойылды
0
365

Қоғамда үлкен пікірталас туғызған жағдайдан кейін Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері міндетін атқарушы Талғат Байсуфинов қорғаушы Дінмұхаммед Қашкенді қараша айында өтетін ойындарға арналған кеңейтілген құрамға енгізген жоқ, деп хабарлайды POLITICO.KZ Sportinside.kz-ке сілтеме жасап.

Байсуфинов 38 ойыншыдан тұратын тізімді жариялағанымен, Қашкеннің есімі бұл жолы онда болмады.

Бұған дейін футбол жанкүйерлері мен сарапшылар арасында Қашкеннің қазан айындағы матчтарға шақырылуы қызу талқыға түскен еді. Ол 7 қазанда Лихтенштейн мен Солтүстік Македонияға қарсы кездесулерге шақырылған болатын.

Негізгі дау спортшының ойын тәжірибесінің жеткіліксіздігімен байланысты болған. Соңғы екі айда ол небәрі бірнеше матч қана өткізіп, маусым бойы 13 ойында барлығы 776 минут алаңда болған.

Нәтижесінде, қараша айына арналған кеңейтілген тізімге Қашкен енбей, 38 футболшының қатарында да болмады.

Қазақстан құрамасы келесі матчтарын өткізеді:

  • 15 қараша – 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Бельгияға қарсы үйдегі ойын;

  • 18 қараша – Хорватияда Фарер аралдарына қарсы жолдастық кездесу.

Ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиыны 3 қарашада Астанада басталады.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий