Танымал театр актрисасы өмірден өтті

17.11.2025 18:26 Айсұлу Мұрат
Танымал театр актрисасы өмірден өтті
0
128
әлеуметтік желі. Суретте: Рымкеш Омарханова

17 қараша күні 86 жасқа қараған шағында қазақ театр өнерінің мақтанышы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрының негізін қалаушылардың бірі Рымкеш Омарханова мәңгілік сапарға аттанды, деп хабарлайды POLITICO.KZ

Суыт хабарды Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрының баспасөз қызметі мәлім етті.

«Рымкеш Омарханқызының өмірден өтуіне байланысты марқұмның туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз. Рымкеш Омарханқызы - жарты ғасырдан астам уақытын ұлттық сахна өнерінің дамуына арнаған, 150-ден аса рөлді сомдап, қазақ театрының алтын қорын байытқан дара актриса. Ол Қарағанды қаласындағы С.Сейфуллин атындағы театрда шыңдалып, кейін елордадағы Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрының ашылуына зор үлес қосты», - деп жазылған ақпаратта.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий