«Таныстарым құттықтамады»: 9 жылдан кейін әке болған Елдос Колобок ренішін айтты (ВИДЕО)
9 жылдан кейін сәбилі болған танымал әзілкеш блогер Елдос Колобок ел алдына шығып сұхбат берді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Ол журналист Аман Тасығанға әке болғаннан кейінгі өмірі туралы айтып берді
Блогер кейбір таныстарына ренішін білдірді.
«Мен кезінде достарыма көрімдік доллармен беріледі дейтінмін. Болды, болды деді. Мен оны ұмытып кеткенмін. Сөйтсем шынымен доллармен беріп тұр. 100,200 доллардан. Кезінде «әке болсаң, машина, квартира бізден» деп айтқан көке, жәкелер бар еді. Құтты болсын деп те жазған жоқ қой. Бәлкім мотивация болсын деді ме. Ешқашан болмайды деп ойлады-ау. Whatsapp-та ашылмаған чаттарым әлі көп. Мүмкін солардың арасында тұрған шығар, білмеймін. Керісінше, күтпеген құттықтаулар көп болды. Кезінде арамызда реніш болып, араласпай кеткен жолдастар, жегжаттар хабарласқанда ішің жылып қалады екен», - деді блогер.
Алайда Елдостың бұл сөзі көпшілікке ұнамай қалды.
«Сенің балалы болғаның міндет қой», "Сенде Мөлдірдін аржақ бержақ екенсің", "Құтты болсын күтетін әже ма едің?", "Сенде қақсап қоймадыңғой, біреуге өкпелейтін заман емес және міндетті емес", "Қатын әңгіме", "Жаңа ғой туылғаны не болды соншама», - деп жазды желі қолданушылары.
Соңғы жаңалықтар