Таразда депутаттың не үшін соққыға жығылғаны белгілі болды

Депутат Нұрлан Байғазиевті белгісіз ер адам телефон қуаттағышқа бола соққыға жықты, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Жәбірленуші Нұрлан Байғазиевтің айтуынша, ер адам оны ұрғанымен қоймай, басы мен денесін тепкілеген. Оқиға орнына полицейлер келіп, бәрі полиция бөлімшесіне барады. Сол жерде депутат өзін нашар сезініп, аруханаға жеткізілген. Ал күдікті босатылған. Ауруханада жүргенде Байғазиев полицейлерді қайта шақырады. Алайда олар 3-4 сағаттан кейін бірақ келген. Сонымен қатар ауруханаға депутатты ұрған ер адам достарымен бірге келіп, Байғазиевті қорқытқан.
Депутат алған жарақатын Алматыда емдемек болып, Жамбылдағы ауруханаға жатудан бас тартты.
Ол мейрамханада ер адам отырған үстелдің маңында телефон қуаттамақ болады. Бірақ ерлі-зайыптыға депутаттың ісі ұнамай, әйел оны балағаттай жөнелген. Ер адам да депутатпен сөзге келіп, оны соққыға жықты.
Айта кетейік, бұған дейін Нұрлан Байғазиевтің соққыға жығылғанын хабарлаған едік.
Соңғы жаңалықтар





