Тараздық жігіттер депутатты соққыға жықты
565
Таразда Алматы облысы аудандық мәслихатының депутаты соққыға жығылды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Жамбыл облысының полиция департаментінің мәліметінше, оған медициналық көмек көрсетілді. Алайда ол ауруханаға жатудан бас тартты. Оқиғаға қатысы барлар анықталып, ұсталды.Бұл іске қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұзақылық бабы бойынша тергеу жүріп жатыр.
«Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабының 1-бөлігі (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Оқиғаға қатысы бар адам анықталып, полицияға жеткізілді. Жәбірленушіге медициналық көмек көрсетілді, алайда ол ауруханаға жатудан бас тартты. Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу шаралары жүргізілуде», – деп хабарлады Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Соңғы жаңалықтар
05.10.2026
21:57
«Барыс» буллит сериясында «Спартакты» жеңіп, мә...
05.10.2026
21:33
"Бөтен еркектің ұрығын салған". Ерлі-зайыпты кл...
05.10.2026
21:18
Асхат Тарғын: Әншілерді сахна немесе тойдікі де...
05.10.2026
21:09
Chevron компаниясы жаңа жылдан бастап басшылық ...
05.10.2026
20:57
Роза Әлқожа: Еркектер жағдайы жақсарса, неге бі...
05.10.2026
20:49
Марғұлан Аманбаев ҚР Төтенше жағдайлар министрл...