«Тарихи жеңіс»: Айым Серікбаева таэквондодан әлем чемпионы атанды
927
Қазақстандық жас таэквондошы Айым Серікбаева Ташкент қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Politico.kz.
Бұл жетістік Қазақстан үшін ерекше тарихи мәнге ие болды. Еліміздің спортшылары бұл жас санатында әлем чемпионы атағын соңғы рет 20 жыл бұрын, 2006 жылы иеленген еді. Финалдық кездесуде 44 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Серікбаева Мексика өкілі Понсе Нуньес Дара Ширлимен кездесті. Қазақстандық спортшы қарсыласын сенімді түрде 2:0 есебімен жеңіп, әлем чемпионы атанды.
Бұл жеңіс Айымның халықаралық аренадағы тұрақты жоғары деңгейін тағы да дәлелдеді. Бұған дейін ол Азия чемпионы атанып, жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында да алтын медаль иеленген болатын.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
13.10.2026
22:19
Ресейдегі газ құбырында жарылыс болды: ҚР Энерг...
13.10.2026
21:12
Астанада жолаушыға тиіскен inDrive жүргізушісі ...
13.10.2026
20:10
Олжас Бектенов әкімдерге өңірлердің кірісін арт...
13.10.2026
19:23
Мемлекет басшысы мен Бельгия Королі мен Патшайы...
13.10.2026
18:59
Семейде 20 жастағы қызды өлтірген жігітке 14 жы...
13.10.2026
18:43
Amanat партиясы мәслихат сайлауына қатысудан ба...