Таяу Шығыста жағдай ушығып барады: Израильге жүздеген зымыран тасталды
Таяу Шығыстағы ахуал тағы да күрт шиеленісе түсті. 11 наурыз күні кешкісін Израильдің солтүстік және орталық аймақтарына соңғы уақыттағы ең ауқымды зымыран соққылары жасалды, деп хабарлайды politico.kz.
Осы жағдайға байланысты БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Тегеранның әрекеттерін айыптап, арнайы қарар қабылдады.
Израиль армиясының мәліметінше, Ливан аумағынан әрекет ететін «Хезболлах» қозғалысы бір мезетте шамамен 150 зымыран ұшырған. Ұйым өкілдері шабуылдың негізгі нысанасы Израильдің әскери нысандары мен Ливан шекарасына жақын орналасқан елді мекендер болғанын растады.
Аталған оқиғадан кейін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Иранның Парсы шығанағы аймағындағы әскери әрекеттерін тоқтатуды талап ететін қарар қабылдады. Дауыс беру барысында Кеңеске мүше 15 елдің 13-і құжатты қолдаған. Қарар мәтінінде Иранның іс-қимылы халықаралық құқық нормаларын бұзып, жаһандық қауіпсіздікке елеулі қатер төндіріп отырғаны атап өтілген.
Алайда қабылданған резолюцияда АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы жүргізіп жатқан әскери операциялары туралы ешқандай мәліметтің болмауы халықаралық қауымдастықтың бұл қақтығысқа қатысты ұстанымында белгілі бір қайшылықтар бар екенін көрсетті.
Последние новости