"Тек қазақтар ғана жазды": Дулат Исабеков биліктен кеткен тұңғыш президентті сынағандарға реніш білдірді
723
Отандық жазушы Дулат Исабеков тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевты биліктен кеткен соң сынай бастағандарға шамданды. Ол Kultobe Podcast жобасына берген сұқбатында тұңғыш президентті бір кездері мақтап, кейіннен даттап жүргендерді "екіжүздіге" теңеді,-деп хабарлайды politico.kz
Әңгіме барысында Дулат Исабеков тұңғыш президентке қатысты пікірін тосылмай жеткізді."Мен ол кісі туралы бір пікірдемін. Өтті, кетті. Сол кезде поэма жазған адамдар енді соны сынай бастады. Демек адамның екіжүзділігі деген осы. Мен сол кезде мақтап, ешқандай пікір айтқан емеспін. Алдында болғанда "Жарайды, жақсы, тілектеспіз, мына тірлігіңіз дұрыс сияқты" дейсің. Жолыққанда басқа не дейсің?" - деді жазушы. Драматург бұрындары Назарбаевқа поэма жазып, қазір даттап жүргендердің әрекетін "қасиетсіздікке" балады. "Ал көзі тірі кезінде поэма жазып, кейін жалт етіп бұлай шыға келу – адамның қасиетсіздігі, екіжүзділігі. Әсіресе, ақындарға ренішім бар. Биліктегі тоталитаризмнің көбін ақындар жасаған екен. Қазір Сталиннің кезіндегі өлеңдердің көбі есіме түседі, жатқа білемін. Ал орыс ақындарының біреуі Сталин туралы өлең жазған жоқ. Тек қазақтар ғана жазды", - деді ол.
Соңғы жаңалықтар
17.06.2026
13:24
Депутаттардың күдігі рас па: Шетелден алынатын ...
17.06.2026
13:02
Павлодарда жанып жатқан үйдің терезесінен секір...
17.06.2026
13:00
«Мен тек шындықты айтқанымды мойындаймын»: Әділ...
17.06.2026
12:27
Қорғаныс вице-министрі әскердегі ұлының борышын...
17.06.2026
12:26
Алматылық қарияның өліміне себеп болған алаяқта...
17.06.2026
11:50
АҚШ-та жоғалып кеткен қазақстандық Әсет Құралба...