Теміртау қаласына жаңа әкім келді

20.07.2026 12:27 Әсел МҰРАТ
Теміртау қаласына жаңа әкім келді
587
Фото: Қарағанды облысы әкімдігі

Теміртау қаласының әкімі болып Сапар Сатаев тағайындалды, деп хабарлайды Politico.kz.

Жаңа басшыны Теміртау қаласының активіне Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев таныстырды.

Сапар Сатаев еңбек жолын 2002 жылы «Қазақавтожол» республикалық мемлекеттік кәсіпорнында бастаған. Әр жылдары «Ботақара су қожалығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны директорының орынбасары және директордың міндетін атқарушы қызметтерін атқарған.

Мемлекеттік қызметте 2010 жылдан бері еңбек етіп келеді. Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданындағы Ботақара кентінің әкімі болды.

2013–2015 жылдары Абай қаласының әкімі қызметін атқарды. Кейін Бұқар жырау ауданы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді. Одан соң Приозерск қаласының әкімі болды.

2023 жылдың мамыр айынан бастап жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Балқаш қаласының әкімі қызметін атқарды.
 

Войдите, чтобы оставить комментарий