Теміртауда қарияны ұрып-соққан жасөспірімдер 2 айға қамауға алынды

Теміртауда қарияны ұрып-соққан жасөспірімдер 2 айға қамауға алынды
08.04.2025 11:13
0
115
Татьяна Меель / АиФ
Теміртауда қарияға шабуыл жасаған жасөспірімдер тергеу изоляторына жіберілді

Теміртауда зейнеткерді ұрып, тонаған жасөспірімдер тергеу изоляторына екі айға қамалды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Қарағанды облысы прокуратурасының мәліметінше, ұсталған жеті жасөспірім мен тағы екі ересек адамға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы, 3-бөлігі (Тонау) бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Теміртау қалалық соты барлық тоғыз күдіктіні екі ай мерзімге қамауға алу туралы шешім шығарды.

«Күдікті ретінде ұсталған тоғыз адамның жетеуі кәмелетке толмағандар. Барлығы ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 131-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды. Теміртау қалалық соты оларды екі айға қамауға алу шарасын бекітті», – деп хабарлады облыстық прокуратура.

Еске сала кетейік, оқиға қала тұрғындарының наразылығын туғызған болатын. Әлеуметтік желілерде қарияны ұрып-соққан жасөспірімдердің әрекеті қызу талқыға түсіп, қоғам тарапынан қатаң жазалау талап етілген еді.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий