«Теңі табылған құдалық»: Жанболат пен Жазираның болашақ құдалары желіде белгілі болды

05.01.2026 17:24 Айсұлу Мұрат Айсұлу Мұрат
«Теңі табылған құдалық»: Жанболат пен Жазираның болашақ құдалары желіде белгілі болды
0
2310
Коллаж: Politico.kz

Жақында жалғыз ұлдарын үйлендіргелі отырған танымал өнер иелері Жанболат пен Жазира Байырбековтердің болашақ құдалары кім екені әлеуметтік желіде анықталды, деп хабарлайды Politico.kz

Желі қолданушылары әнші Жазира Байырбекованың бірнеше күн бұрын жариялаған видеосын мұқият талдап, кадрдағы жайттарға назар аудару арқылы болашақ құдалар туралы тың дерекке қол жеткізген.

Желіде тараған ақпаратқа сәйкес, Жанболат пен Жазираның құдалары «МузАрт» тобының мүшесі, әнші Кенжебек Жанәбіловтің бажасымен туыстық байланыста екені белгілі болды. Анығырақ айтқанда, Кенжебектің жары болашақ келіндерінің туған әпкесі болып шыққан. Бұл дерекке желі қолданушысы Ару Кемелбек алғашқылардың бірі болып назар аударып, жазба қалдырған.

Аталған жаңалық желіде қызу талқыға түсіп, көпшіліктің қызығушылығын оятты.

Оқырмандар түрлі пікір білдіріп жатыр:


«Жанболат пен Жазира кіммен құда болуды біледі»,
«Бұрын әнші Алтынайдың қызы деп айтылған еді»,
«Тең-теңімен деген осы ғой»,
«Жастарға бақыт тілейміз»,
«Өте көрікті қыз екен, көз тимесін» — деп жазуда.

Желіде тараған бұл ақпарат әзірге ресми түрде расталмаса да, көпшіліктің назарын аударып, өнерлі әулеттер арасындағы жаңа құдалықтың басталуына деген қызығушылықты арттырды.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий