Теңіздегі күтпеген ақау: Мұнай өндірісі күрт төмендеді
Министрлік мән-жайды ашық айтты
Қазақстанның Энергетика министрлігі Теңіз кен орнындағы жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Politico.kz.
Ведомство мәліметінше, кен орнында болған техникалық ақау салдарынан мұнай өндіру көлемі уақытша төмендеген.
Министрліктің хабарлауынша, қазіргі уақытта компания жағдайды тұрақтандыру үшін жедел шаралар қабылдап жатыр. Қазір өндіріс процесі біртіндеп қалпына келтірілу кезеңінде. Энергетика министрінің кеңесшісі әрі ресми өкілі Әсел Серікпаеваның айтуынша, оқиға салдарынан қызметкерлерге, тұрғындарға немесе қоршаған ортаға қауіп төнбеген.
“Жағдай министрліктің тұрақты бақылауында”, – деді ведомство өкілі.
Ал “Теңізшевройл” компаниясы өндірістегі ақауды “болмашы техникалық іркіліс” деп атап, нақты себептерін жарияламады.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
21.10.2026
09:22
Әйеліне күш қолданғаны расталмады: прокурор тек...
21.10.2026
09:19
Шымкентте жалдамалы пәтердегі екі бала өлімінің...
21.10.2026
08:53
Жетісуда 4,5 миллиард теңгелік жолдың жолы болмады
21.10.2026
08:44
Петропавлда белгісіз сұйықтықты ішкен екі адам ...
21.10.2026
08:23
Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын қашан жасайты...
20.10.2026
21:53
Шымкентте газға уланған екі бала қайтыс болды