“Балаларын алып кетіп қалған”: Сәрсемәлиевтің анасы келіні Ақбаянның жағдайы туралы айтты

29.05.2026 19:10 Қарақат АСЫЛОВА
“Балаларын алып кетіп қалған”: Сәрсемәлиевтің анасы келіні Ақбаянның жағдайы туралы айтты
214
Ашық дереккөз
Сотта Сұлтан мен Ақбаян арасындағы отбасылық қиындықтар айтылды

Атырауда Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты сот процесі жалғасуда, деп хабарлайды Politico.kz сайты Tengrinews.kz-ке сілтемемен.

29 мамыр күні өткен кезекті сот отырысында айыпталушының ата-анасы жауап берді. Сот барысында Сұлтанның анасы ұлы мен келіні Ақбаян Мұқанғалиеваның арасындағы отбасылық қиындықтардың қалай басталғанын баяндады. Оның айтуынша, Сұлтан мен Ақбаян 2018 жылы отау құрған. Алғашында жас отбасы Махамбет ауданындағы үйде тұрған.

Куәгердің сөзінше, 2022 жылы Ақбаян төртінші баласына жүкті кезінде ерлі-зайыпты арасында түсініспеушілік туындаған. Сол кезде Ақбаян балаларын ертіп, ата-анасының үйіне кетіп қалған. Алайда уақыт өте келе екеуі татуласып, кейін Атырау қаласына көшкен.

Сотта айтылған мәліметке сәйкес, 2024 жылы Ақбаян бесінші сәбиіне жүкті болған кезде пневмониямен ауырған. Дәрігерлер ананың және баланың өмірін сақтау үшін шұғыл кесарь тілігін жасаған. Нәресте аман қалғанымен, әйелдің денсаулығы күрт нашарлап, орталық жүйке жүйесіне зақым келген.

Осы жағдайдан кейін Ақбаянның қозғалысы қиындап, 2025 жылы оған I топ мүгедектігі тағайындалған.

Айыпталушының анасы дәл осы кезеңнен бастап екі жақтың туыстары арасында келіспеушіліктер күшейгенін айтты. Сот отырысы әлі де жалғасып жатыр.

Войдите, чтобы оставить комментарий