Терезеден секіріп кетуі мүмкін": Алматылықтар паранойяға шалдығып жатыр
404
Түркиядағы мыңдаған адам көз жұмған апаттан кейін өлімнен қорыққан тұрғындар екінші, үшінші қабаттан секіріп, жарақаттанды. Адамдар жер сілкінісінен емес, ол туралы үрей мен қорқыныштан зардап шекті. Әлеуметтік желідегілер, қазақстандық танымал тұлғалар Алматыдағы болған сілкіністерден кейін қалыпты өмірге орала алмай жүргендерін жазып жатыр.
Олар аяқ астынан жер сілкінісі бола қалса ғимараттан шығып үлгермей қала ма, деп қорқады. Бағалы заттары мен құжаттарды көлікте сақтап жүргендерін, түнде ұйықтауға қорқатындарын айтып жүр.
Психологтар бұл дертке "алматылық паранойя" деп айдар тақты. Психолог маман Ғайнижамал Наурызбаевадан бұл қандай дерт? Одан келетін қауіп пен қатер қандай? Дүрбелең мен үрейге бой алдыру өмірге қауіп төндіре ме? сияқты өзекті сұрақтарды сұрадық.
Психологтардың айтуынша, дүрбелең әсіресе адамдар көп жиналатын жерлерде адамның өзіне ғана емес, айналасындағы адамдарға да қауіп төндіреді.
"Мектептерде, ауруханаларда, кинотеатрларда, жатақханаларда және басқа жерлерде дүрбелеңді болдырмаудың негізгі кеңестерінің бірі – әр түрлі жағдайларда: үйде, жұмыста, көшеде және басқа жерлерде, күндіз-түні жер сілкінісі кезінде сіздің іс-әрекетіңізді алдын-ала ойластыру. Алдын-ала ойластырылған әрекеттерге қарамастан, қорғаныс механизмі сияқты дүрбелең қосылады. Жер сілкінісі кезіндегі шу дүрбелең тудырады. Бұл негізінен психологиялық қолайсыздықты тудырады және нәтижесінде денсаулыққа әсер етеді. Стресс аясында көптеген аурулар күшейе түседі", – деді ол.Ол мұндай паранойяның шығу себебін түсіндірді.
"Дүрбелең әрқашан стресс. Кез келген түсініксіз жағдай әрқашан қатты алаңдаушылық тудырады. Бұл эволюциялық жолмен дамыды. Теріс ойлау бір кездері адамзатқа тірі қалуға, қауіп-қатерге жауап беруге, мысалы, жабайы аңдардан қашуға көмектесті. Пессимистер жиі аман қалды. Сондықтан бірдеңе дұрыс болмаған кезде адам жаман нәрсені күтуге бейім. Бұл қорғаныс реакциясы. Біздің психикамызда мазасыздық пен стресспен күресудің бүкіл арсеналы бар. Бірақ стресстің басқа түрлерімен күресуге қажетті кеңестер табиғи апаттар кезінде кедергісін тигізуі мүмкін", – дейді психолог.
Соңғы жаңалықтар
01.05.2026
01:04
Қазақмыс Аягөзде ипподром мен балалар алаңын са...
30.04.2026
23:27
Алматыдағы қанды төбелес: 2 жасөспірім қаза тау...
30.04.2026
23:19
Іздеудегі Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы ҚТЖ-ғ...
30.04.2026
22:34
«Дұғада болыңыздар!»: Қайсар Қамза өз жағдайына...
30.04.2026
21:42
Қазақстандықтар есту қабілеті нашар азаматтарды...
30.04.2026
20:45
Светлана Пак: Алмас Сұлтанғазин әкемнің Sulpak-...