Тікелей эфирде мысықты тістеген ер адамға айыппұл салынды

22.09.2026 17:17 Абзал БАХЫТЖАНОВ
Тікелей эфирде мысықты тістеген ер адамға айыппұл салынды
216
Фото: Бейнеден кадр

Қызылорда облысының полицейлері TikTok желісінде мысықты тістеп қинаған ер адамды ұстады, деп хабарлайды Politico.kz.

Жаға ұстатарлық жағдай 21 қыркүйек күні болған. Әлеуметтік желілерде ер адамның тікелей эфирде кішкентай мысықты бірнеше рет тістеген видеосы таралды. Бұл кезде жануар қатты шыңғырған. Ал оның жанында отырған қыз көрермендерден сыйлық жіберуді сұраған. Ол тек сыйлық түскен жағдайда ғана мысықты босататынын айтқан.

Видео желіде қызу талқыланғаннан кейін тәртіп сақшылары жедел тексеру жұмыстарын бастады. Нәтижесінде жануарға қатыгездік танытқан күдікті анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Құқық бұзушы Жамбыл облысының 43 жастағы тұрғыны Серік Кетенов болып шықты.

Ер адамға әкімшілік жаза ретінде айыппұл салынды. Сонымен қатар оған мұндай әрекеттерге қайта жол бермеу туралы ресми ескерту жасалды. Полицейлер жануарға қатыгездік көрсету қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін екенін түсіндірді. Қазіргі уақытта үй жануары тірі әрі ешқандай зардап шекпеген.

Тәртіп сақшылары жануарларға күш қолдануға қатаң тыйым салынғанын ескертеді. Оларды қинау немесе зиян келтіру заң аясында жауапкершілікке тартылады.

Войдите, чтобы оставить комментарий