Тимур Жақсылықов Дүниежүзілік банк мәлімдемесіне жауап берді
Ол биыл шамамен 6 пайыздық өсімге қол жеткізу мақсаты тұрғанын баса айтты.«Жоғалған онжылдық деген сынды мұндай тебіреністі мәлімдемелерге қатысты баға бере алмаймын. Бұл өте шектен тыс бағалау деп санаймын. Өздеріңіз де білесіздер, аталған онжылдық бойы экономикалық өсім, барынша қарқынды экономикалық өсім болып, пандемияға байланысты бір рет қана үзіліп қалды. Өткен жылы 5,1 пайыздық экономикалық өсім қарқынына қол жеткіздік. Бұл – экономикалық өсімнің өте жоғары қарқыны», - деді Тимур Жақсылықов Сенатта ұйымдастырылған брифингіде.
Тимур Жақсылықов мұндай көлемнің жеткіліксіз екенін атап өтті.«Шынымен де, Дүниежүзілік банк бағалауы біздегі негізгі қорларға инвестицияның құлдырауына қатысты әділ болды. Экономикалық дамуға жеткіліксіз инвестиция салып отырмыз. Жалпы инвестиция – бұл тұрақты экономикалық өсім үшін жалғыз база. Бізді жеткіліксіз инвестицияладық. Бүгінде ЖӨІ негізгі капиталындағы инвестиия шамамен 15 пайыз», - деді вице-министр.
«Сондықтан да жұмыс істеу қажет және Үкімет мұндай жұмысты істеп те жатыр. Қазіргі уақытта инвестиция өсімін қандай да бір тұрақты әрі барынша жоғарғы деңгейге жеткізу үшін іс-қимыл жоспары әзірленіп жатыр», - ол.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
22:18
6 жылға сотталған: Путиннен Қазақстанға әскер к...
28.10.2026
22:15
«Біз КСРО-да өмір сүріп жатқан жоқпыз»: Сабина ...
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...
28.10.2026
19:49
Қайрат Мақсұтов «Самұрық-Энерго» басқарма төрағ...