Тоқаев биыл журналистердің басын қосып, үлкен баспасөз мәжілісін өткізеді

Тоқаев биыл журналистердің басын қосып, үлкен баспасөз мәжілісін өткізеді
  Бұл журналистермен соңғы төрт жылдағы алғашқы кездесу болмақ. «Иә, баспасөз мәслихаты болады. Бірінші жарты жылдыққа жоспарлап отырмыз», - деді президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Press.kz тілшісіне берген сұхбатында. Айта кетейік, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылы маусымда өткен сайлаудан кейін журналистермен алғаш рет жолыққан. Оған 66 БАҚ, оның ішінде 22 шетелдік ақпарат құралы атынан 107 журналист қатысқан болатын.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу